«Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне педагог мәртебесі мәселелері бойынша өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 2026 жылғы 12 маусымдағы № 310-VIII Заңы (қолданысқа енген жоқ)

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ

ЗАҢЫ

 

Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық

бұзушылық туралы кодексіне педагог мәртебесі мәселелері

бойынша өзгерістер енгізу туралы

 

1-бап. 2014 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне мынадай өзгерістер енгізілсін:

409-баптың 7-3-бөлігінде:

2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

«2) педагогтен Қазақстан Республикасының білім беру саласындағы заңнамасында көзделмеген есептілікті не ақпаратты талап етіп алдыру, сондай-ақ оған құжаттарды бір мезгілде қағаз жеткізгіште және электрондық нысанда жүргізу міндетін жүктеу;»;

5) тармақшадағы «орта» деген сөз алып тасталсын.

2-бап. Осы Заң алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

Қазақстан Республикасының

        Президенті

 

Қ. ТОҚАЕВ

 

Астана, Ақорда, 2026 жылғы 12 маусым

        № 310-VIII ҚРЗ